Alp22.ru

Промышленное строительство
0 просмотров
Рейтинг статьи
1 звезда2 звезды3 звезды4 звезды5 звезд
Загрузка...

Л балаға арналған ерекше есімдерді білесіз бе

Ұл балаға арналған ерекше есімдерді білесіз бе

нәресте

Абат – парсы тілінен аударғанда гүлденген жер, бай өлке дегенді білдіреді. Асан Қайғының екінші әйелінен туған ұлы.

Абылмансұр – Абылай ханның бала күнгі аты. Ақын Әріп Тәңірбергенұлының жұбайы Мөнтиден көрген ұлы.

Ағзам – ұлы, зор, ең үлкен, ең маңызды деген мағынаны береді. Жазушы Мұхтар Әуезовтің екінші әйелі Сақыштан туған үшінші ұлы.

Адай – жазушы Сәбит Мұқановтың немересі.

Азаматгерей – күйші Дәулеткерейдің ұлы.

Айбар – ақын Мұқағали Мақатаевтың ұлы.

Айбарыс – ай және барыс сөздерінің қосылуынан жасалған.

Айбат – айбын, айбар.

Айбатыр – басқалар істей алмаған ерлікті іске асырсын деп берілген есім. Айбатыр Махмұдов – палуан, Қазақстанның бірнеше дүркін және Азия чемпионы.

Айберген – ақын Төлеген Айбергеновтің әкесі. Ақан сері Қорамсаұлының інісі.

Айболат – ай және болат есімінен қосылған.

Айбұлан – ай және бұлан есімінен құралған.

Айдарәлі – даңқты, жолы болғыш.

Айдархан – әнші Күләш Байсейітованың нағашы атасы.

Айдынәлі – айдын және әлі есімінен құралған.

Айжарық – ай және жарық есімінен құралған.

Айқан. Айқанов Әбілсейіт – қазақтың атақты палуаны, еркін күрестен КСРО-ның екі дүркін чемпионы.

Айқуат – өте қуатты. Айқуат Жүсіпов 1942 жылы Холм қаласы маңында болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан қазақ жауынгері.

Айман. Айманов Шәкен – кино және театр режиссері, артист.

Айса – Иса пайғамдарды қазақтар осы атпен атайды.

Айсауыт – ерлігі мол, жігерлі деген мағынаны береді.

Айтөре – ай және төре сөздерінен біріккен есім.

Айхан – жазушы Оралхан Бөкейдің ұлы.

Ақәділ – өте әділ, турашыл.

Ақбала – әдемі, жаны таза дегенді білдіреді. Ақбала Жанқабылов – күйші.

Ақберен – батыр киетін сауыт, ең асыл болатын. Ақберен Елгезек – ақын.

Ақкенже – жанұяның кенже перзенті.

Ақмадия – тағы бір ерекше есім.

Ақмерген – арманына жетсін деген тілекпен қояды.

Ақназар – Хақназар есімінің бір нұсқасы.

Ақпейіл – ниеті түзу, ақ.

Ақпарақ – жаны кіршіксіз таза.

Ақтөре – әділ басшы.

Алан – ақын Фариза Оңғарсынованың немересі.

Алдияр – ханға қарап айтылатын сөз. Батыр Ақша Есенгелдіұлының ұлы.

Алтын – тот баспайтын металл. Денсаулығы мықты, өмірі ұзақ болсын деген тілекпен берілген есім.

Алтынсары – ағартушы Ыбырай Алтынсариннің әкесі.

Алтынтөре – алтын және төре есімдерінің қосылысы.

Ардаби – Ер Тарғынның немересі.

Арлан – қасқырдың еркегі. Суретші Әбілхан Қастеевтің немересі Асқардың жиен немересі.

Арнұр – жазушы Әзілхан Нұршайықовтың ұлы. Ақын Мұзафар Әлімбаевтың ұлы. Жиембет жыраудың шөбересі.

Артур – кельт тілінде «аю» мағынасын береді.

Аршын. Аршын Қабылбекұлы – суретші.

Асфендияр. Санжар Асфендияров – көрнекі мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы.

Асылер – асыл ер.

Аттила – ғұн мемелекетінің басшысы.

Ахмадия – Ақан серімен бірге жүрген әнші.

Ахмедияр – пайғамдардың досы деген мағынаны береді. Күйші Қаршыға Ахмедиярұлының әкесі.

Ахмет – Мұхаммед пайғамбар есімінің қысқа нұсқасы. Даңқы, мақтаулы деген мағынаны береді. Жиембет жыраудың інісі. Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы ғалым, қоғам қайраткері.

Аят – Құран сүрелерінің бір шумағы. Ақын Кенжеқұл Дәулетаевтың ұлы.

Әбумүслім – ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің Әбен аталып кеткен інісі.

Әбунасыр – Әбунасыр Әл-Фараби – ғалым.

Әбілқайыр – хан.

Әбілқасым – Қазақстанның әнұранын жазған Шәмші Қалдаяқовтың ұлы.

Әлижан – рухы мықты, жаны биік.

Әлихан – билігі өте күшті адам.

Әрсен. Театр және кина артисі Әмина Өмірзақованың немересі.

Бағлан – жетілген семіз қозы. Әнші Роза Бағланованың атасы.

Баламер – ақын Мұзафар Әлімбаевтың ұлы. Баламер Сахариев – әдебиет сыншысы.

Баязит – Осман империясының билеушісі. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің ұлы.

Бекназар – Бек және Назар есімдерінен құралған.

Берен – темір сауыт, асыл болат.

Биназар – Би және Назар есімінің қосылысы.

Ғазез – ақын Ақыт Үрімшіұлының ұлы.

Ғайса – Иса пайғамбардың қазақша айтылуы. Ғайса Қашқынбай – алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі.

Даниял – ақын Абайдың інісі Кәкітайдың ұлы.

Даян – тағы бір ерекше есім. Моңғол жұртын қытай империясына қарсы біріктірген даңқты қолбасшы.

Едіге – батыр әрі хан. Ноғай ордасының билеушісі. Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының немересі. Жазушы Мұхтар Мағауиннің ұлы.

Еламан. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің төртінші атасы.

Еларыс – білікті, қадірменді, абзал.

Елсияр. Елсияр Қанағатов – педагогика ғылымдарының кандидаты.

Ерасыл – Қабанбай батырдың бала күнгі есімі.

Ербұлан – ер және бұлан есімдерінің қосындысы.

Читайте так же:
Аллигаторные ножницы для металлолома

Ербота – ер және бота есімдерінің қосындысы.

Ержомарт – жүрегі жомарт батыр.

Ертарғын – Ер Тарғын батыр.

Ертұран – Тұранның батыры.

Есбатыр. Жазушы Ғалия Есбатырованың атасы.

Есдәулет. Ақын Ұлықбек Есдәулеттің атасы.

Ескендір – Александр Макендонскийді түркі халықтары осылай атаған.

Жансаят – жаны саят жігіт.

Жансүгір. Ілияс Жансүгіровтің әкесі.

Жантөре. Ахмет Жантөрин – сұлтан, төрелер мен қожалардың шежіресін жинаушы.

Жауһар – тағы бір ерекше есім.

Жаһанша. Жаһанша Досмұхамбетов – ХХ ғасыр басында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам қайраткері.

Жоламан. Жоламан батыр – Кенесары Қасымұлының көтерілісіне қатысқан батыр. Қажымұқан Мұңайтпасұлының бесінші атасы.

Зайып – жар, жұбай. ХХ ғасырда қазақстардың Тибет, Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға қоныс аударған көшін бастаған азаматтардың бірі.

Заңғар. Суретші Әбілхан Қастеевтің немересі.

Зейнұр. КСРО Халық артисі Шолпан Жандарбекованың бауыры.

Зейін. Зейін Шашкин – жазушы.

Зият. Ақын Шәкәрім Құбайбердіұлының ұлы.

Зия. Зия Мәмиұлы – ақын.

Имамәлі.

Имандос – досқа адал болсын деген ниетте қояды.

Кейкі – батыр. Амангелді Имановпен бірге соғысқан халық батыры.

Мұқағали Мақатаевты еске алу кешінің сценарийі

«Современная профориентация педагогов
и родителей, перспективы рынка труда
и особенности личности подростка»

Свидетельство и скидка на обучение каждому участнику

МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН

Туған жерің?
Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Туған жылың?
1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Жынысың кім?
Еркекпін ғой, еркекпін!
Және дағы тәуірмін.
Партияда барсың ба?
Жоқпын.
Шыққан тегің?
Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Білімің ше?
Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
Мекен -жайың?
Мекен- жайым жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

Қараңызшы! Ешқандай қанық бояу да, жарқырап «мен мұндалаған» сөз де, түсініксіз, жаттауға да ауыр, мағынасын сөздік ақтарып тауып алатын сөз оралымы да жоқ. Қазақтың таза, қарапайым, жалпыға ортақ сөздерінен әп-әдемі, ып-ықшам дүние жасай білген . «Қазақтың дәл өзіндей қарапайым». Қазаққа тән қара өлеңге табынған Мұқағали ақынның жырлары жаныңды бір ерекше сезімге жетелейді, сүйсінтеді, таңдай қақтырады.

Көзі тірісінде алақанына салып аялай алмаса да, өзі өмірден өткенмен, халық оны поэзия патшасындай биіктетеді, ардақ тұтады. Жасындай жарқ етіп өте шыққан қысқа ғана ғұмырында артына сөнбес сәуледей ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткен, отты жырларымен талайдың поэзия әлеміне енуіне себепкер болған аяулы ақынымыздың өнері мен өмірі өскелең ұрпақ үшін тамаша үлгі. Ақынын ардақтай білген халық қашан да бағытынан адаспақ емес.

№ 280 негізгі мектебінде 9 ақпан күні ақиық ақын, позия алыбы –Мұқағали Мақатаев шығармашалағын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби кеш өткізілді.Ақынның жырларын мәнерлеп, жатқа оқып, кереметтей әсер қалдырған оқушылар ақын мұрасының мәңгілік екенін, ғасырдан-ғасырға жалғасатынын тағы бір дәлелдеді.

Алтын қорда сақталған ақынның өз орындауындағы жырларын тыңдатумен басталған кеште Мұқағалидың түрлі тақырыпта жазылған жырлары оқылды. «Поэзия, менімен егіз бе едің?», «Автограф», «Пай-пай, өмір», «Шеше, сен бақыттысың», «Көктем де келер», «Мен –таулықпын», «Фаризаға», «Арыз жазып кетейін» тағы басқа тақырыптарда поэзиямен сырласқан ақынның жыр кестесін тізген сырлы, да сезімтал жырларын жүрекке жеткізген оқушылар туған халқының әдебиеті мен мәдениетіне бей-жай қарамайтынын көрсетті. Кеш соңында әділ қазылар алқасы әліне қарай шапқан алуан-алуан жүйріктің өнерін бағалап, жүлделі орындар тағайындады. І орынды 6-сынып оқушысы Қайратқызы Аягөз жеңіп алды. ІІ орынды 7-сынып оқушысы Елғараев Асылжан мен 6-сынып оқушысы Итемгенова Амина бөліссе, 5-сынып оқушысы Сейділдә Шәкәрім, 6-сынып оқушысы Жарас Бердібек, 7-сынып оқушысы Махмұт Гүлзира ІІІ орынға лайық деп танылды. Сондай-ақ, өзге де қатысыушылар алғыс хатпен марапатталды.

«Тау алыстаған сайын биіктей түседі» дейді халқымыз. Жылдар жылжып өткенмен Мұқағали Мақатаев тұлғасы дараланып, іріленіп келеді. Х алқының қара өлеңін құдіретке айналдырған, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақынның қалдырған рухани қазынасын ұлт игілігіне жарататын жастарымыз барда Мұқағали Мақатаев есімі өшпейді, мәңгі жасайды деп білеміз.

Қаранар: Журналист Ерғазы Әсембековты еске алу

Ол Ерағаң еді. Ераға (Ерғазы Әсембеков) ешкімді жатсынбады. Қара шаңыраққа келгендерді құшақ-жая қарсы алып, арқа-жарқа әңгімелесіп, бір жасап қалатын-ды.
Оны бізге де тәлім етті. Көпшіл еді. Кеңдігінен кем болмады. Бәріне көніп, қиынды жеңгенмен, дертіне шипа таппады. Ақыры ажалдың құрығына ілікті. Ол кісіден біз қапелімде айрылып қалдық.
Бітім-болмысы бөлек, адамдығы биік Қаранардың қайтпас сапардан оралмайтынын білгенде өзегіміз өртенеді. Сағыныштан сарғайған естеліктер ғана мұндайда дем береді.

Читайте так же:
Кабель пвс характеристики применение

Дариға-дәурен. – дейтін аға қайда бізге енді?!

. Аққу-қаз әуелейді қалықтаған,

Қайтейін қанатым жоқ, қалып барам.

Жүрегім құс боп ұшып кетті-ау бірге,

Жылатып жалғыз қалай алып қалам?

Осы бір мұңлы, әуезді әуенді естігенде жүрегім «шым» ете қалды. Көзге еріксіз жас үйірілді. Бұл, бұл Арай айтпақшы, Ерғазы ағаның сүйіп тыңдайтын әні еді ғой.

– «Пай-пай, Рамазанның қоңыр әуезді даусы-ай! Жаныңды баурап алады-ай», – деп әнге талай тамсанып отырушы еді аға біздің. «Бұл Рамазан – Жәнібек пен Қайраттың ізінен ерген дарынымыз. Дәстүрлі әнді қалай айтады, сал-сері жігіт қой» деп бізге қарата сөзін жалғаушы еді. Сөйтеді де, бізге «Маған осы Рамазан шырқайтын «Қапездің әнін» тауып беріңдерші», — деп бәрімізге қолқа салады.

Иә, ән десе ағаның шығарға жаны бөлектің. Жұмыста көңіл-қошы болса, ыңылдап жүріп, түгел істі тыңдырып тастайтын.

«. Көк Тудың желбірегені. Таласса жан мен Ту, Жан емес маған керегі. », деп бұл әнге де қосылып қоюшы еді. «Қандай жүректі тебірентер сөз, ә! Керемет! – деп қойып, макетті әп-сәтте-ақ сызып тастайтын.

Ал, мерекелік отырыстарда Ераға қолға домбыра алып, өзі білетін әуенге келтіре, жай ғана дауысымен әнге басатын. Сосын «Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым. » – деп дауысын кеңге сала шырқаушы еді.

«Сәби болғым келедіден» шығады. Ерғазы ағаның ол кезде 90 жастағы анасы тірі еді. «Ой, шіркін, демалыста ауылға барып, шешемді иіскеп, құшағына еніп қайтпаймын ба?! 60-қа келсем де 90-дағы шешем бар менің» деп мақтанышпен айтатын.

Сол анасы биыл қайтты. Барып, перзент аманатын өтеп те келген еді ағамыз. .

«Шешемді ақтық сапарға шығарып саларда сөз сөйлеп тұрып, көзіме жас іркіліп келіп қалғаны. Ұят-ай, алпыстан ассам да жас балаша көңілім босағаны-ай. Сол жерде тұрғандар «Ей, мына Ерғазы бос екен, нағашыларына тартып кеткен екен ғой» деп жатты» — деп бізге айтып келген еді.

Бізге – ұжымға айтар жөні бар еді ағаның. Өйткені, Ераға қай-қайсымызды болсын жақын тұтты. Ұжымдағы ерлерімізді ұлындай, қыздарымызды қызындай көрді. Бәрімізге пана болды. Көтермеледі, еркелетті.

Біз ол кісінің арқасында «Паң Ерлібай», «Найманның қасқыр қызы», «Жаңаарқаның жәман қызы» дегендей жанама ат та иелендік.

«Міне, бетке мына материалдарды былай орналастырамыз» деп, макетті сызып тастап, оны үлкен басымен басшы болса да, алдымызға әкеп беріп, «ал, іске кіріс, Жаңаарқаның жәман қызы» деп қоятын. Кейде «паң Ерлібай, материалдар бар ма тағы, мына Римаға беріп қояйын. Ана «найманның қызы» да бірдеңе бергелі отыр» деп жүруші еді жұмыс күндері.

. Осылай Ерағамен күнделікті жұмыс күндері өтіп жатты. Ол екі арада тағдыр тағы да Ерағама салмақ салған-ды. Шынар гүлі үзіліп түсті. Өзегін өртегені – қызғалдағы жас кетті. Небәрі отызда еді.

Сөйтіп «бейнетінің зейнетін көрем» дегенде еріксіз жұмысқа қайта «оралды». Әке парызын өтеу үшін, отбасының қамы үшін.

«Е-еех, шіркін, дүние жалған, бұл дүниеден өтіп жатқандар көп, жүректері тоқтап. Кетеміз де қалармыз біз де бір күні» деп күрсініп отырушы еді сол шақта. Біраздан соң «Қой, қызымның қырқын өткізіп, бейітін көтеріп алайын, кетем сосын Алматыма кемпірімді алып» деп қайта жұмысқа кірісетін.

Бір жылда бір емес, екі ет-жақынынан айырылу оңай тимеді Ерағамызға. Десек те, мойнына артылған жауапкершілік жүгін еш түсірмеді. Денсаулығы сыр берсе де шыдады. Газет пен журналдың уақтылы шығуына бар күшін салды. Демалысқа шыққанға дейін.

Демалыстан оралатын күнді күтіп жүргенде. суыт хабар жетті. Сенбедік, дұрысын айтқанда, сенгіміз келмеді. Қимадық, қимаймыз да. Бірақ амал бар ма! «Дариға, дәурен. дүние жалған. » деп тамсанатын, күрсінетін Ерағамыз жоқ бұл дүниеде.

«Сарбаздықтардың» әкесі – Ераға, қамқор аға, Жан аға. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа, жаныңыз жәннатта болсын!

26 маусым 2014 жыл.

Еріксіз Ерағаны іздейміз.

«Кім қалады дейсіз бұл фәниде. Пенде шіркіннің пешенесіне бақилық дүние жазылған. Адамзат баласы ғамал кітабын жапқан соң оның сауап кітабы парақталады».

Тіршіліктен дәмі таусылған марқұм Ерағаның сөзі еді бұл. Бар ғұмырын баспасөзбен байланыстырған Ераға – Ерғазы Әсембековті білмегендер кемде-кем. Соңғы демі таусылғанша «Сарбаздың» жүгін арқалаған «Қаранарды» кешегі оқырмандар да ұмыт қалдырмаған болар.

Біз ол кісіден осыдан екі жыл бұрын қапыда айрылдық. Асқар таудай әкеден айрылған ұл-қыздай болдық. Өкіндік, қайғырдық, одан соң ес жидық. «Тірі адам тіршілігін жасайды» дегендей, өмірімізді жалғадық. Дегенмен, көңіл түкпірінде Ерағаңа деген сағыныш үдемесе, кемімеді.

Читайте так же:
Картинки ворот и калиток

Сағынамыз, еске аламыз, қамығамыз. Ой түйеміз. «Жақсының аты өлмейтініне» көз жеткізіп, жадымызда қайта жаңғыртамыз.

Әлі есімізде, осыдан жеті жыл бұрын ең алғаш редакциямызға енген Ерағаның бейнесі. Наурыз айы болатын. Ерлеріміз қыз-келіншектерді – бізді құттықтап жатыр еді. Есіктен орта бойлы ел ағасы кіріп келді. Енген бетте сол тұста тұрып қалды. «Келіңіз, төрлетіңіз» деп жатырмыз. «Ай, маған осы орын да жетеді» деп, орнында қала берді. Сөйтсек, ол кісі бізге жаңадан келген басшы екен. Аты-жөні – Ерғазы Әсембеков. Бұған дейін осы Астанадағы «Астана ақшамы» газеті мен «Астана», «Алтын тамыр» журналдарында қызмет етіпті. Алматы өңірінде дүниеге келген ағамыз облыстың «Жетісу», «Алматы ақшамы» газеттерінде де тер төгіпті. Қаламы ұшталған қарымды журналистке ендігісін «Сарбаздың» басшылық тізгіні бұйырған екен.

Сөйтіп, Ерғазы аға бас редакторлық жұмысқа кірісті. Әдетте жаңа басшы келсе болатын ауыс-түйіс бізде орын алмады. Ешкімді әкелмеді, ешкімді кетірмеді. Бір-бірімізді бөле жармады. Қайта бәрімізді ұжым қылып ұйыстырды. Білгенін үйретті, білмегенге жол сілтеді. Шығармашылыққа шыңдады, құндылыққа құнттады.

Тым қарапайым болды. Келгеннен «төр менікі» демеген ағамыз «креслоны» да жатсынды. «Ай, маған мынау да жетеді» деп жай орындыққа жайғаса кететіні бар-тын. Кеудемсоқтықты жаратпайтын. Мақтангерлікті аса қаламайтын. Қаранарға артылатындай жүк артылса да, «мен ананы, мынаны істедім» деп жар салмай, үндемей-ақ өз жұмысын тыңдыратын. Ағамыздың сол тұрпаты бізді де солай болуға үйретті.

Адамдықтың үлкен өлшемі де осы кісіде еді. Игі жақсылығы мен жанашыр қамқорлығы таңды таңға атырып айтатындай.

. Несие алмайтын қазақ жоқ қой бұл күнде. Сол несиені төлейтін кезіміз келгенде біз емес, алдымен сол кісінің «жаны шығып кететін». «Кредит төлейтін кездерің келді ме?» деп арасында сұрап қойып, шамамыз жетпесе, қаражаттан қарайласатын еді. «Мынаны алып, несиелеріңді төлеңдер, уақтылы төлемесеңдер ол дегенің пәле» деп, қолдағысын аямайтын.

Адамның көңіліне кірбің түссе тез байқап қоятын қасиеті де бар болатын. Бірде корректор апайымыз жұмысқа салы суға түсіп келді. Көңіл-күйі жоқ. Соны көрген Ерғазы аға мені шақырып алып: «Рима, апайыңның терезеге қарап тұрғанын көрдің бе? Бір мұң бар. Апайыңды алып, шай ішіп, мұңын тарқас» деп сырласу шайына жіберді. Ортамыздағы бір қыз қиыншылыққа тап болғанда да: «Қызым, аз уақытта жүдеп кеттің, өз өзіңе кел. Кімнің басынан не өтпей жатыр, оның басы да, соңы да сен емессің. Көтер басты, қызым!» деп, демегені тағы бар.

. Айта берсек, Ераға туралы естелік көп. Адал болу, кісі ақысын жемеу, қиянат жасамау тәрізді асыл қасиеттерді ағамыздың бойынан көрдік. Көрдік те көңілге түйдік. Кейде қоғамда бұдан ада адамдарды көргенде еріксізден Ерағаңды іздейміз.

Үш жыл өтті. Ерағаның орны ойсырап тұр. Кейінгі жылдары онысы тіптен білінеді. Білетіндермен тілдесе қалсақ, аузымызға оралатын осы есім. Күні кеше Алманы көргенде де игі жақсы сөз болды. Бір ауық қара жамылған сол күн көз алдыма келіп, көңілімнен кетпей қойды.

Әдеттегідей жұмыс күні еді. Таңертең байланыс телефоным шыр етті. Алма екен. Амандықтан соң бірден: «Ерғазы ағаныкіне қашан барамыз?» деді. Ол кезде кезекті демалысқа кеткен ағамызды асыға күтіп жүргенбіз. Денсаулығы болыңқырамай да жүр еді. Оралған соң хал-жағдайын білмек ниетте едік. Соны меңзеп тұр екен деп ойладым.

– Аға Алматыдан келіп пе?» дедім жайбарақат.

– Естімеп пе едіңіздер, Ерғазы аға қайтыс болды ғой.

– Түсінбедім. Қашан, қалай?

– Түнде. Заринадан естідім, жүректен қайтыпты.

Алма Ерғазы ағаның қайтқанын естірткенде жанымда Арай бар еді. Орнымыздан ұшып тұрып, өзгелерге жеткіздік. Андрей де, Ерлібай да сенбей дал. «Қазір тұра тұрыңдаршы, дұрыстап біліп алайық» деп, сабырға шақырып, білетіндерге телефон шалып, жан-жақтан сұрау салып жатыр. Көбісі хабарсыз. Көңіл шіркін сенбегенмен, біраздан соң естігеніміз шын екеніне көз жеткіздік. Осылай таңертең жеткен суыт хабар редакция ұжымын қара жамылтты.

Қазір жүрек жадау. Жағымсыз жайттар көңілге жақпайды. Кезінде ондайды сезінбеп ек. Жақсылықтың дәнін сепкен Ераға еске түседі ондайда.

Креслоқұмар емес еді. Пайдакүнемдігін де көрмеппіз. Кісіге деген қиянаты мүлдем жоқ еді. «Әділетсіздікті көп көрдім» деп отыратын. Содан кейін бе, әділ әрі жомарт басшы болды. Әкелік қамқорлығын бір кісідей көрдік.

Адамдығын айтсаңызшы. Кең жүректі ұлы адам дер ем! Ондай жанды кезіктіру енді екіталай.

Текст песни Нурхан и Жасулан — Еске алу

Айлар өтті, білінбестен күн өтті,
Бір ауыр ой неге бізді жүдетті?
Жақсыларын ел қашанда аңсайды,
Сағынышы сыздатады жүректі.

Көктем келсін, соқсын тағы күз мейлі,
Айдынында аққу енді жүзбейді.
Туған жердің талдары да мұңайып,
Абайы мен Кәкимасын іздейді.

Читайте так же:
Сетевой шуруповерт с подсветкой

Ашық еді ел-жұртына сарайы,
Дидарынан төгілетін арайы.
Маңдайына сыймай кетті неліктен,
Бұл қазақтың тағы да бір Абайы.

Қауіп қайдан, ойламаппыз тіптен біз,
Жаман ойды жасырғанбыз, бүккенбіз.
Абай солай жүреді деп ортада,
Елуіне келеді деп күткенбіз.

Қатарынан озық еді, өр еді,
Дедік пе біз сондай қатер төнеді?
Нұр дидары елес болып тұрса да,
Деп ойлаймыз: «ортамызға келеді».

Жарасатын ортамызда жұптары,
Еңбектерін қалың елі құптады.
Азаматын сақтай алмай қалған соң,
Қалың жұрттың барма сонда ұтқаны?

Жақсылықтар болатұғын күн алда,
Десек-тағы көңіл соған тынар ма?
Ұрпақ өсіп, келер буын жетсе де,
Кәкимадай қазақ қызы туар ма?

Жамандыққа әсте көңіл сенбейді,
Дегенменен уақыт бәрін емдейді.
Дейді қазақ «орыны бар оңалар»,
Бұл әулеттің шырағы енді сөнбейді.

Сынағы оның келгенімен сан рет,
Бұл тағдырдың берем десе бағы көп.
Анасының орнын басып Әсемгүл,
Шаңырақты тікейтеді Әлібек.

Білуші едік биіктерде тұрғанын,
Елге арнады қызуы мол жылдарын.
Орын бергей енді пейіш төрінен,
Біз тілейміз қос арыстың иманын!
Прошли месяцы, bilinbesten дней,
Серьезное jüdetti нас почему?
Благо страны всегда готовы
Sağınışı больное сердце.

Пусть весна придет снова в падении ли,
Лебедь плавающий лед.
Родные ивы К сожалению,
ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ поиск и Käkïmasın.

Дворец страны будет открыт для общественности
Выброс в лице льва.
Почему не вписывается в лоб,
Это еще один казахстанский Абая.

Мы даже не знали об опасности
Плохая идея jasırğanbız bükkenbiz.
Это так осторожны окружающей среды,
Ожидается прибытие в пятидесятые годы.

Был лидер мог бы гордиться
сталкиваются ли мы опасность?
Didary Если есть призрак света,
Мы считаем, что: «наших спутников.»

Наши партнеры, чтобы соответствовать пары,
Приветствовали страна работает в целом.
После того, как не удалось сохранить гражданина
Большой палец выиграл в толпе?

Добрый день может прийти,
Но опять же он потребляет?
Несмотря на следующее поколение потомков,
Käkïmaday помощь казахской дочери?

Разве это не стоит недооценивать важность зла,
Однако излечивает все время.
Казахская говорит: «есть полное восстановление»
Это не выходит лампу согласно настоящему изобретению.

Хотите проверить несколько раз,
Парк сказал, что судьба многих.
вместо него матери Асемгуль
Tikeytedi Алибек брак.

Зная, что это было бы высот,
Посвященная много лет по всей стране.
Теперь наслаждаться почетное место в Эдеме,
Мы хотим, чтобы удвоить лев веру!

Еске алу олендери олген адамга

  • Жаңалықтар
  • Мақала
  • Видео
  • Фото
  • Аудио
  • Ақындар
  • Кіру
    • Әртүрлі
    • Сенім
    • Намаз
    • Жанұя
    • Бас имам
    • Жұма уағызы
      • Қарағанды облыстық орталық мешіт
      • Әзірет Сұлтан мешіті
      • Қарағанды облыстық орталық мешіт
      • Әзірет Сұлтан мешіті
      • Әзірет Сұлтан мешіті
      • Тәфсір
      • Ақида

      мақала

      • Негізгі бет
      • мақала
      • Мақалалар
      • Алланы жиі еске ал!

      Имам Мәлік (оған Алла разы болсын) Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізеді: «Жаратушының алдындағы ең жақсы амалдың не екінін сендерге айтайын ба? Ол амал сендерді өлтіреді немесе сендер оны өлтіресіңдер. Ол амал сендердің дәрежелеріңді өсіретін дұшпандарың — алтын мен күміс таратқаннан да артық дәрежелеріңді өсіреді». Сонда сахабалары: «Ол қандай амал?» деп сұрады. Пайғамбырымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алланы еске алу» деп жауап берді.

      Алланы еске алу – мұсылманның әрбір іс-әрекетінде болу қажет. Ол қайда не істеп жүрсе де Алланы есінен шығармауы тиіс. Бұл біздің дініміздің шегерілмес бір бөлшегі. Алла Құранда айтады: «. Мені еске алу үшін намазды толық орында». (Та һа сүресі, 14-аят).

      Жиі еске алу немесе зікір дегеніміз не? Бұл сөз Құран Кәрімде 300 рет кездеседі. Алланы зікір ету барлық жаратылыста бар, яғни оның табиғат кереметтерінде, бұл табиғатты «Үнсіз Құран» деп те атап кеткен. Құран секілді табиғат бізге тылсым дүниелерімен Алланың бар екенін дәлелдеуде. Әлемнің өзі ғаламаттың не үшін пайда болып, адам бұл өмірге не үшін келгендігін үнсіз айтып тұр. Қазір ғаламтор беттерінде құлшылық етіп тұрған, яғни намаз оқып тұрғандай кейіпте өсіп тұрған ағаштардың суреттері, аспандағы бұлттардың Алла деп жазылғандай бейнеде көрініс табуы, өсімдіктертің Алла деп өсіп тұрғаны және т.б. көптеген суреттерді кездестіруге болады. Пайғамбарымыз Мұхаммедті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «жүруші тірі Құран» деп атағанындай, жаратылысты «үнсіз Құран» деп айтады. Барлық тіршілік біз естімесек те «Мен – Жаратушының жаратылысымын, менің құдайым – Алла» деп үздіксіз қайталап тұрады. Алланы тану деп — айналаңды тануды айтса керек. Алланы танып, жиі еске алу – Құранның үндеуі. Ал, Алланы зікір етуді Алланың өзі бір емес, бірнеше рет айтады: «Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер.» (Ахзаб сүресі, 41-аят). Біз не істесекте Алланы есімізде ұстауымыз қажет. Ол бізді көріп тұрғанын сезінуіміз шарт. Өйткені, Алла бізге өзін ұмытуды шектеген: «Сондай, Алланы ұмытқан, Алла оларға өздерін ұмыттырған кісілер тәрізді болмаңдар. Міне солар бұзақылар. (Хашр сүресі, 19-аят). Алланы ұмыту ең үлкен күнә. Өзін жаратқанды қалайша ұмытуға болады?! Ешқашан да ешнәрсе ұмыт қалмақ емес, осыны меңгерген жанның жүрегі Алла деп қана соғуы керек. Алланы ұмытып, күнәхарлардан болып қалудан баршамызды сақтасын! Келесі бір аятта Жаратушы Иемізді еске алуда үлкен қайыр барлығы айтылған. Осы өмір мен өлгеннен кейінгі өмірде де жақсылықтың барлығы айтылады: «Сондай-ақ Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар.» (Жумаа сүресі, 10-аят). Алланы ұмытып, дүние байлығына еріп кеткеннің ақыры бейшаралыққа, сәтсіздікке ұрындырады: ол турасында Құранда: «Әй мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы еске алудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар, зиян тартушылар.» деген.

      (Мунафиқун сүресі, 9-аят). Алланы еске алушы Оның назарына ілігеді. Жаратушымыз біздің жүрек түкпіріндегі ойымызды біледі. Кімнің жүрегінде иненің ұшындай болса да иман болып, ол Алланы зікір етсе, Алла оны да еске алады. Бұл сөзімізді Құрандағы мына аяттар дәлелдейді: «Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар.» (Бақара, 152-аят).

      Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тәспі аударғанда оң қолының саусақтарымен аударған. Өйткені, қиямет күні Алланың алдына барғанда адамның қолдарынан сұрақ алынады. Сол кезде «Аллаһу Акбар», «Субханааллаһ», «Альхамдулиллаһ» деп, Алланы еске алған қолдар адам үшін араша болады екен. Олай болса, Аллаға жақындығымызды мақтаныш үшін емес, жанымызды Жәннатта ету үшін, Алланың разылығын алу үшін істегеніміз абзал.

      Құран Кәрімде зікір сөзі 300 рет айтылған болса, Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қаншалықты көп айтып кеткенін сезіп те отырған боларсыз. Бір хадисінде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Адамның өмірі Алланы еске алумен тұрады. Өз Жаратушысын есіне алмайтын жүрек-өлі жүрек, ондай жүректің иесі – өлі жаны жоқ адаммен тең» деген. Басқа бір хадисте: «Алланы еске алушы – тірі жан, ал, кім Алланы еске алмаса – өлік» (Аби Муса). Осыған ұқсас хадис басқа жерде былайша өрбиді: «Алланы еске алушы үй – тірі, Алланы еске алмаушы үй – өлік», яғни әрбір үйде Жаратушы Иені еске алып, зікір етіп отыру қажет. Алланың сөзі – Құран оқылған үйде береке бар. Абу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте: «Құлдарым мені ойласа, Мен оның жанындамын, егер ол зікір етсе, Мен онымен біргемін. Ол Мені жеке өзі отырып зікір етсе, Мен оны жеке есіме аламын, ал, көпшілікпен еске алса, Мен де оны көппен бірге есіме аламын. Ол Маған жақындағысы келсе, Мен жүремін. Ол Маған қарай жүрсе, Мен оған қарай жүгіремін» деген. Ибн Аббас (оған Алла разы болсын): «Расында шайтан Адамның баласының жүрегін қарауылдайды. Ол Алланы ұмыта бастағанда, шайтан оны азғырады. Біз оған мүмкіндік берген сайын, шайтан адам жүрегін жаулап ала береді. Ал, одан құтылудың жолы – Алланы жиі еске алу». Расында, бір жаман қылықты істеген адам, оны жиі-жиі қайталап, соңында әдетке айналып кетеді. Иманнан алыстаған сайын, жүректе от сөне береді. Осы дүниенің қызығына алданып, ақыретті ұмыта бастайды екен адам баласы. Ал, өлімнің қашан келері бір Аллаға ғана аян. Құран Кәрімнің Муминун сүресінде: «Шынында иман келтіргендер құтылды. Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады. Олар, бос нәрселерден аулақ болады.» дейді. (Муминун сүресі, 1-3 аяттар). Хасан аль-Басри (оған Алла разы болсын): «Қайырды 3 нәрседен іздеңдер: намаздан, Аллаға зікір етуден және Құраннан. Егер, осылардан рахат тапсаңдар онда иманды игергендерің, ал егер олай болмаса, онда сендерге есік жабық, себебін басқадан іздеңдер» деген. Шын мәнінде, жүректегі иманымызды күшейту әркімнің өз қолында. Тек жалқаулыққа бой алдырмай, дүниенің қызығын қумаған абзал. Жалған дүниенің қуанышына рахаттанып, мәңгілік өмір туралы ұмытпайық, ағайын!.

      Алланы еске алуды әдетке айналдырайық. Барша мұсылман бауырларды жақсы амалдармен Алланың назарына ілінуін тілеймін!

      голоса
      Рейтинг статьи
Ссылка на основную публикацию
Adblock
detector